Тарих ғылымдарының қазақтан шыққан тұңғыш докторы туралы фильм түсірілді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандық режиссер Сатыбалды Нарымбетов қазақта тарих ғылымдарының тұңғыш докторы атанған Алаш азаматы Ермұхан Бекмахановқа арналған «Аманат» атты көркем фильм түсірді. Басты кейіпкерді кино және театр актері Берік Айтжанов сомдайды. Бұл туралы kinostan.kz сайты жазады.
Фильмде белгілі тарихшы-ғалымның Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліске қатысты ғылыми тұжырымдары сөз болады. Қазақтың соңғы ханы туралы материалдарды зерттеп, зерделегені үшін Е.Бекмаханов буржуазияшыл-ұлтшыл идеологияны дөріптеуші деген жаламен айыпталып, 25 жылға сотталған.
Қазақ ханының рөлін Санжар Мәдиев ойнайды. Картинадағы рөлдерді сондай-ақ Құралай Анарбекова, Ерден Телемісов, Нұрлан Алтаев сомдаған. Фильм көрермендерге биыл жол тартады деп жоспарланып отыр.