Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және ғылыми-реставрациялау жұмыстарына лицензия беру электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді
АСТАНА. 13 желтоқсан. ҚазАқпарат - Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің 2012 жылғы 28 қыркүйек №159 бұйрығымен «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның түпнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламенті бекітілді.
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің бұйрығы
2012 жылғы 28 қыркүйек №159 Астана қаласы
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның түпнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет регламентін бекіту туралы
«Ақпараттандыру туралы» Қазақстан Республикасының 2007 жылғы 11 қаңтардағы Заңының 29-бабының 2-тармағына сәйкес және «Электрондық мемлекеттік қызметтің үлгі регламентін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 26 қазандағы № 1116 қаулысының 2-тармағын орындау мақсатында бұйырамын:
1. Қоса беріліп отырған «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның түпнұсқасын беру» электрондық мемлекеттiк қызмет регламентi бекiтiлсiн.
2. Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті:
1) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Әдiлет министрлiгiнде мемлекеттiк тiркелуден өтуін және оның ресми жариялануын;
2) осы бұйрықтың Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлiгiнiң интернет-ресурсында орналастырылуын қамтамасыз етсiн.
3. Осы бұйрық алғашқы ресми жарияланған күнiнен бастап күнтiзбелiк он күн өткен соң қолданысқа енгiзiледi.
Министрдің м.а. . Қырықбаев
Қазақстан Республикасы
Мәдениет және ақпарат министрінің м.а.
2012 жылғы 28 қыркүйек
№159 бұйрығымен
бекітілген
«Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта ресімдеу, лицензияның түпнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызмет көрсету регламенті
1. Жалпы ережелер
1. «Тарих және мәдениет ескерткіштерінде археологиялық және (немесе) ғылыми-реставрациялау жұмыстарын жүзеге асыру жөніндегі қызметке лицензияны беру, қайта рәсімдеу, түпнұсқасын беру» электрондық мемлекеттік қызметті Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің Мәдениет комитеті (бұдан әрі - қызмет көрсетуші) мына мекенжайда көрсетеді: 010000, Астана қаласы, Орынбор көшесі, № 8, «Министрліктер үйі» ғимараты, 15-кіреберіс, № 527-кабинет және мемлекеттік қызметті алушыда электрондық цифрлық қолтаңба болған жағдайда «электрондық үкімет» веб-порталы: www.e.gov.kz немесе «Е-лицензиялау» веб-порталы: www.elicense.kz арқылы алуға болады.
2. Электрондық мемлекеттік қызмет «Мәдениет саласындағы мемлекеттік қызмет стандарттарын бекіту және «Жеке және заңды тұлғаларға көрсетілетін мемлекетік қызметтердің тізілімін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2010 жылғы 20 шілдедегі № 745 қаулысына толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 17 қаңтардағы № 83 қаулысына (бұдан әрі - Стандарт) сәйкес көрсетіледі.
3. Электрондық мемлекеттiк қызметтi автоматтандыру дәрежесi: жартылай автоматтандырылған.
4. Электрондық мемлекеттiк қызмет көрсетудiң түрi: транзакциялық.
5. Осы Регламентте пайдаланылатын ұғымдар мен қысқартулар:
1) ақпараттық жүйе (бұдан әрi - АЖ) - аппараттық-бағдарламалық кешендi қолданумен ақпаратты сақтау, өңдеу, iздеу, тарату, тапсыру және беру үшiн арналған жүйе;
2) бизнес-сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - БСН) - бiрлескен кәсiпкерлiк түрiнде қызметтердi жүзеге асыратын заңды тұлға (филиал және өкiлдiк) және жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
3) «Е-лицензиялау» веб-порталы (бұдан әрi - АЖ МДҚ «Е-лицензиялау») - берiлген, қайта ресiмделген, тоқтатылған, қайта басталған және әрекет етуiн тоқтатқан лицензиялар, сондай-ақ лицензиарлар беретiн лицензиялардың сәйкестендiрме нөмiрiн орталықтандырып қалыптастыратын лицензияланатын қызмет түрiн жүзеге асыратын лицензиаттың филиалдары, өкiлдiктерi (объекттерi, пункттерi, учаскелерi) туралы мәлiметтердi қамтитын ақпараттық жүйе;
4) жеке сәйкестендiру нөмiрi (бұдан әрi - ЖСН) - жеке тұлға, оның iшiнде жеке кәсiпкерлiк түрiнде өзiнiң қызметiн жүзеге асыратын жеке кәсiпкер үшiн қалыптастырылатын бiрегей нөмiр;
5) құрылымдық-функционалдық бiрлiктер (бұдан әрi - ҚФБ) - электрондық мемлекеттiк қызмет көрсету процесiне қатысатын мемлекеттiк органдардың, мемлекеттiк мекемелердiң және өзге де ұйымдардың құрылымдық бөлiмшелерiнiң тiзбесi;
6) медиа-алшақтық - құжаттарды электрондық нысаннан қағаз немесе керсiнше нысанға өзгерту қажет кезiнде қызметтердi көрсету үдерiсiнде қағаз және электрондық құжат айналымының кезектесуi;
7) мемлекеттiк электрондық қызметтер - ақпараттық технологияларды пайдаланумен электрондық нысанда көрсетiлетiн мемлекеттiк қызметтер;
8) пайдаланушы - оған қажеттi электрондық ақпараттық ресурстарды алу үшiн ақпараттық жүйеге жүгiнетiн және оларды пайдаланатын субъект;
9) салық төлеушiнiң тiркеу нөмiрi (бұдан әрi - СТН) - салықтардың және бюджетке төленетiн басқа да мiндеттi төлемдердiң барлық түрлерi бойынша бiрегей нөмiр, ол салық төлеушi ретiнде оны мемлекеттiк тiркеу және Қазақстан Республикасы Салық төлеушiлерiнiң мемлекеттiк тiзiлiмiне ол туралы мәлiметтердi енгiзу кезiнде салық төлеушiге берiледi;
10) транзакциялық қызмет - электрондық цифрлық қолтаңбаны қолданумен өзара ақпарат алмасуды талап ететiн, пайдаланушыларға электрондық ақпараттық ресурстарды беру жөнiндегi қызмет;
11) тіркеу куәлігі (бұдан әрі - ҚР ҰКО тіркеу куәлігі) - «Электрондық құжат және электрондық цифрлық қолтаңба туралы» Қазақстан Республикасының 2003 жылғы 7 қаңтардағы Заңымен бекітілген талптарға ЭЦҚ-ның сәйкестігін растайтын Қазақстан Республикасы Ұлттық куәләндіруші орталықпен берілетін, электрондық құжат;
12) электрондық құжат - ақпарат электрондық-цифрлық нысанда берiлген және электрондық цифрлық қолтаңба арқылы куәландырылған құжат;
13) электрондық лицензия - ақпараттық технологияларды пайдаланумен ресiмделетiн және берiлетiн, қағаз тасымалдағыштағы лицензияға теңмағыналы болатын электрондық құжат нысанындағы лицензия;
14) «электрондық үкiметтiң» веб-порталы (бұдан әрi - ЭҮП) - нормативтiк құқықтық базаны қоса алғанда, барлық шоғырландырылған үкiметтiк ақпаратқа және электрондық мемлекеттiк қызметтерге қолжетiмдiлiктiң бiрыңғай терезесiн бiлдiретiн ақпараттық жүйе;
15) «электрондық үкiметтiң» төлеу шлюзi (бұдан әрi - ЭҮТШ) - екiншi деңгейдегi банктердiң, банктiк операциялардың жеке түрлерiн жүзеге асыратын ұйымдардың және «электрондық үкiметтiң» жеке және заңды тұлғалардың төлемдердi жүзеге асыруы кезiнде ақпараттық жүйелерiнiң арасында өзара iс-әрекет жасауды қамтамасыз етуге арналған автоматтандырылған ақпараттық жүйе;
16) «электрондық үкiметтiң» шлюзi (бұдан әрi - ЭҮШ) - электрондық қызметтi iске асыру аясында «электрондық үкiметтiң» ақпараттық жүйелерiн интеграциялауға арналған ақпараттық жүйе;
17) электрондық цифрлық қолтаңба (бұдан әрi - ЭЦҚ) - электрондық цифрлық қолтаңба құралдарымен жасалған және электрондық құжаттың дұрыстығын, оның тиесiлiлiгiн және мазмұнының тұрақтылығын растайтын электрондық цифрлық таңбалардың жиынтығы.