Тарихи ескерткіштер туристерді тартуға негіз болмақ - әкім

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бейнеу ауданынағы сапары барысында Маңғыстау облысының әкімі Ералы Тоғжанов «Ақпанның үйігі», «Сам қаласы» және басқа да тарихи-мәдени ескерткіштерге ат басын тіреді. Бұл туралы tumba.kz жазды.
None
None

Көненің көзіндей болған жәдігерлерді қызғыштай қору керектігі сөз болды. Сондай-ақ, аймақ басшысы тарихи маңызы бар бұл ескерткіштердің туристік маршрутқа енгізіліп, саяхатшылар жиі қатынайтын жерге айналуы қажеттігін қадап айтты. «Ақпан үйігі» - осы аймақтағы ең ежелгі ескерткіштердің біріне жатады. Салыну ерекшелігіне байланысты, біздің эрамызға дейінгі бесінші ғасырға жатқызылады. Мұнда әлеуметтік дәрежесі жоғары адамдар жерленіп, мәңгілік мекен тапқан. Ал, «Сам қаласы» - солтүстiк Үстiрттегі iрi сауда орталығы болған.

Соңғы жаңалықтар