Тарихи рекорд: Алматы облысының бюджет кірісі 1 триллион теңгеден асты

АЛМАТЫ. KAZINFORM — Алматы облысы алғаш рет өз тарихында мемлекеттік бюджетке 1 триллион теңгеден астам түсім қаражат түсірді. Бұл өңір экономикасының өсімін, салықтық базаның кеңеюін және кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігін дәлелдейді. Бұл туралы Мемлекеттік кірістері комитеті мәлім етті.

бюджет
Коллаж: Kazinform; Freepik

Өз тарихында алғаш рет Алматы өңірі мемлекеттік бюджеттің қазынасына қомақты қаражат түсірген.

Биылғы кіріс 1 триллион теңге межесінен асқан.

Бұл – облыстың әлеуметтік-экономикалық дамуындағы маңызды кезең әрі салықтық базаны кеңейту және кәсіпкерлікті қолдау шараларының тиімділігін дәлелдейді.

Биылғы жылдың 11 айының қорытындысына назар салсақ:

Қаңтар–қараша айларында 1 023,4 млрд тг салық пен төлемнен түскен. 

Оның ішінде: 

• 452,8 млрд тг — республикалық бюджетке

• 570,5 млрд тг — жергілікті бюджетке

Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 111,4% (+104,4 млрд тг) құрады.

Соңғы жылдардағы динамика

Бюджеттің кіріс бөлігі тұрақты өсіп келеді:

• 2021 жылы — 666,8 млрд тг

• 2025 жылы — 1 трлн тг-ден асты

Бес жыл ішінде өсім 1,5 еседен асты.

Бұл өңірге не береді?

Түсімдердің артуы мына бағыттарды дамытуға мүмкіндік береді:

• экономиканы дамытуға,

• әлеуметтік бағдарламаларды кеңейтуге,

• басым жобаларды іске асыруға.

Айта кетейік, Алматыда 2025 жылғы бюджетке түзету енгізілді.

Алматы экономика және қаржы басқармасының басшысы Бауыржан Құдайбергеновтың айтуынша, түзету осы жылғы қаржы нәтижелеріне сәйкес бюджет қаражатын тиімдірек бөлуге мүмкіндік береді.

Соңғы жаңалықтар