Тарихи ұлы қадам Тұңғыш Президенттің есімімен тікелей байланысты - Ақселеу Сейдімбек

АСТАНА. Шілденің 4-і. ҚазАқпарат /Райхан Қоңыр/ - Елорданың Алматыдан Ақмолаға қоныс ауыстыруы, Астана қаласының аз уақыт ішінде бой көтеруі - ұлт тағдырындағы, мемлекет болмысындағы өте ірі, белесті, тарихи оқиға дейді белгілі ғалым, қаламгер Ақселеу Сейдімбек,
None
None

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Осынау тарихи ұлы қадам, сөз жоқ, тәуелсіз еліміздің Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың есімімен тікелей байланысты.

Бұл ретте Нұрсұлтан Әбішұлы өзін көреген басшы, шешімшіл қайраткер және мейлінше іскер ұйымдастырушы ретінде таныта білді. Ел ішінде және халықаралық аядағы зор беделінің арқасында Астана қаласының ілкімділікпен бой көтеруіне бүкіл қазақ елін жұмылдыра білді. Сондай-ақ, дүние жүзі халықтарын біздің осы қадамымызға тілеулес ете алды.

Осы тұрғыдан келгенде, Астананың барша болмыс-тұрпаты Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың тұлғасын бұрынғыдан да зорайта түседі.          

Соңғы жаңалықтар