Тарихқа жаңа көзқарас болу үшін жаңа деректер болуы керек - академик Мәлік Асылбеков

АЛМАТЫ. 24 мамыр. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Тарихшылар үшін қазір екі тіл білу жеткіліксіз. Бұл жайында бүгін Алматыда өтіп жатқан «Отан тарихы және мәдени мұралардың өзекті мәселелері» деп аталатын жас ғалымдардың ІІ Республикалық ғылыми конференциясында айтылды.

Тарихқа жаңа көзқарас болу үшін жаңа деректер болуы керек - академик Мәлік Асылбеков

Жаңа тарих - Отан тарихы ғылымы азаттық жылдарында идеологиялық еркіндік алды.

«Жас ғалымдар конференциясының өз жалғасын табуын өз басым бір жақсылықтың нышаны деп ойлаймын. Қазір жоғары оқу орындарында ғылыми-зерттеу орталықтары құрылуда. Алайда олар негізінен студенттерді оқыту мен ғылымға даярлаумен айналысады. Сондықтан нағыз ғылым осындай қара шаңырақтарда болады. Тарихқа жаңа көзқарас болу үшін жаңа деректер болуы керек. Ойдан шығарған жалаң көзқарас тұрақты болмайды », - дейді ҚР ҰҒА академигі, тарих ғылымының докторы, профессор Мәлік Асылбеков. Шоқан Уәлиханов атындағы тарих және этнология институтының

Тарихи демография және қазіргі әлеуметтік процестер бөлімінің жетекші ғылыми қызметкерінің айтуынша, тарихшыларға 2 тіл білу жеткіліксіз. Олар әсіресе араб, парсы, қытай тілдерін білуі керек. Жаңа көзқарас болу үшін жаңа деректерді табу керек.