Тарихшы әлемде алғаш рет крест жорығы туралы 700 жыл бұрын жазылған трактатты аударған

АСТАНА. ҚазАқпарат - Новосібір тарихшысы әлемде бірінші болып латын тілінен крест жорығы туралы 700 жыл бұрын жазылған трактатты аударды.
None
None

Мәтіннің мағынасын ашу үшін 7 жыл кетті, деп хабарлады ТАСС Новосібір мемлекеттік университеті ежелгі дүние және орта ғасырлар тарихы гуманитарлық факультеті зертханасының меңгерушісі Валентин Портныхқа сілтеме жасап.

"Қасиетті крестің насихаты туралы" - бұл уағызшылар орденінің бесінші бас магистрі Гумберт Романскийдің трактаты", - деді ол.

Насихат крест жорығына және діни ән айтуға шақырумен аяқталады. Ғалымның пікірінше, Гумберт еңбегі уағызшыларды тұрғындар арасында крест жорығына деген жақсы қарым-қатынасты жолға қоюға үгіттеуге, еріктілерді табу мен садақа жинауға бағытталған.

Портныхтың сөзіне қарағанда, бұрын Гумберт трактаты бұрын да белгілі болған, алайда тарихшылар оның 1266 және 1268 жылдары аралығында жазылғанын айтумен ғана шектелген.

Соңғы жаңалықтар