Тарихшы б.з. I ғасырындағы монетадан Христостың шынайы бейнесін тауып алған
АСТАНА. ҚазАқпарат - Ағылшын тарихшысы және Інжіл зерттеушісі Ральф Эллис Иисус Христостың шынайы бейнесі б.з. I ғасырына тиесілі қола монетада бейнеленген деп сендіруде.
Бүгінгі күнге дейін диаметрі 24 мм құрайтын монетадағы сақалды адам Ману ханға - заманауи Түркияның оңтүстік-шығысында орналасқан Осроен (Эдесса) мемлекетінің билеушісіне тиесілі деп есептеліп келді.
Эллистің 30 жылға жуық созылған зерттеуінің нәтижесі бойынша, б.з. І ғасырының орта тұсында билік еткен VI Ману хан мен Иисус Христос бір адам болып шықты, деп хабарлайды Daily Mail.
Тарихшы Ману мен Христостың өмірбаянын зерттеп, кездейсоқ емес сәйкестіктер мен ұқсастықтарды тапқан. Эллистің пікірінше, осы бір адам кейін келе «Изас Ману хан» және «Иисус Эммануил» есімдерімен танылған.
Иисус Христос батыс мәдениетінде кеңінен бейнеленген тұлға болып табылады, алайда бірде-бір дереккөзде, соның ішінде Інжілде де оның сыртқы келбеті сипатталмаған. Ұзын шашы бар, ақ киімді оның классикалық бейнесі б.з. VI ғасырына тиесілі.
59 жастағы Эллис өз тұжырымдарын «Иисус, Эдесса ханы» атты кітабында баяндаған.