Тарихта алғаш рет афроамерикалық New York Times газетінің бас редакторы болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Америкалық New York Times газеті кенеттен атқарушы редактор Джилл Абрамсонның қызметтен кетуі туралы хабарлады. Ол 2011 жылдан осы қызметте болған. Бұл туралы «Би-би-си» жазады.

Тарихта алғаш рет афроамерикалық New York Times газетінің бас редакторы болды

60 жастағы Абрамсон New York Times газетінің редакциялық ұжымын басқарған тұңғыш әйел болған.

Оның кетуі жөнінде қызметкерлерге баспагер, New York Times компаниясының басшысы кіші Артур Сульцбергер хабарлаған. Ол Абрамсонның неліктен қызметтен кеткенін айтпады.

«Мен New York Times-та өз ісін жақсы білетін әлемнің ең үздік журналистерімен қуана жұмыс істедім», - делінген Джилл Абрамсонның мәлімдемесінде.

Абрамсон тез арада өз орнын босататыны, оның орнын Пулитцер сыйлығының иегері Дин Бакет басатыны айтылады.

57 жастағы Бакет Los Angeles Times-тің бұрынғы редакторы болған. New York Times-тың 162 жылдық тарихында алғаш рет афроамерикалық газет редакциясын басқармақ.

Reuters агенттігі хабарлағандай, Сульцбергер Абрамсонның орнын басатын адамның атын айтқан кезде газет редакциясы шапалақтарын аямаған.