Тарихтағы ең ұзақ телехикаяның авторы қайтыс болды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Белгілі британдық "Коронейшн стрит" телехикаясы идеясының авторы және сценарийін жазушы Тони Уоррен 79 жасында көз жұмды, деп жазады Би-би-си.

Тарихтағы ең ұзақ телехикаяның авторы қайтыс болды

Ол 1960 жылдан бері осы телехикаяның авторы болып, өмірінің соңғы күндеріне дейін кеңесші болып қызмет еткен.

Телехикая идеясын бастапқыда Granada телеарнасы құптамаған. Дегенмен телехикая түсіріліп, 1960 жылдың желтоқсанында  оның премьерасы өтті.  

Сол кезден бері ол  британиялық телеарнада көрсетіліп келеді және қазір оны ITV  телеарнасы трансляциялап жатыр.

Манчестердегі ойдан шығарылған Коронейшн стрит көшесінде болып жатқан оқиғалар жайлы көрсетілетін телехикая ресми түрде телевизия тарихындағы ең ұзақ телехикая ретінде танылған.  2012 жылдың қарашасында эпопеяның  8 000-ыншы сериясы шықты.