Тарихты тәуелсіздік тұрғысынан қайта құру үрдісін бастадық - ҚР Президенті

АЛМАТЫ. Ақпанның 3-і. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/ - Мәдениет - ұлттық көрсеткіш. Оны Елбасы бүгін Алматыда Президенттік және Мемлекеттік стипендияларды тапсыру рәсімінде айтты,

Тарихты тәуелсіздік тұрғысынан қайта құру үрдісін бастадық - ҚР Президенті

деп хабарлайды ҚазАқпарат.

"Біз барымызды бүтіндеп, жоғымызды түгендеу мақсатымен "Мәдени мұра" деген бағдарламаны жүзеге асырып жатырмыз. Мен мұндай бағдарламаны ешбір мемлекетте көргем жоқ. Оны біздің мәдени өміріміздегі қазақтың ең тарихи оқиғасы деп санаймын. Еліміздің тарихы туралы көне жәдігерлер, кітаптарды әлемнің түкпір-түкпірінен алдырып шығарып жатырмыз. Тарихты тәуелсіздік тұрғысынан қайта құру үрдісін бастадық", деді Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев. «Мәдени мұра» бағдарламасы аясында көптеген ескерткіштер қалпына келтіріліп халыққа көрсетіле бастады. Әдебиет пен өнердің әлемдік ақыл-ой қазынасының асыл жауһарларын да қазақ тіліне аударылып жатыр. Рухани әлемімізді осылай байытып жатырмыз». Бұл жұмыстар қыруар қаржы мен күш- жігерді қажет ететінін айтқан Нұрсұлтан Әбішұлы, бұл ел тарихында ешуақытта болмаған жағдай екенін ескертті. Оны жүзеге асырудағы зиялы қауымның ерен еңбегін де назардан тыс қалдырмады.