Тарихымыздың бастауы Қазақ хандығынан да тереңде жатыр - Рахман Алшанов

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан Жоғары оқу орындары қауымдастығының президенті, «Тұран» университетінің ректоры Рахман Алшанов Елбасының «Ұлы даланың жеті қыры» мақаласына пікір білдірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Тарихымыздың бастауы Қазақ хандығынан да тереңде жатыр - Рахман Алшанов

«Тәуелсіздік жылдары ерекше кезең соңына жетті. Халқымыздың рөлі туралы көптеген пікірталастар болды. Себебі, бұрын идеологиялық штамптар, халқымыздың тарихын қорлайтын, тіпті, бұрмалайтын тұжырымдар болды. Президент осының барлығына нүкте қойды. Біздің кім екендігіміз туралы көптеген сұрақтар болды. Массагеттер, сақтар, ғұндар...?», - деді Р.Алшанов.

Оның айтуынша, біздің халқымызды құрған  - қазіргі Қазақстанның аумағында тұрып келген этностар.

«Кеңістігі мен уақыты сәйкес келген халықтар кемде-кем. Ежелгі Римді немесе Ежелгі Русьті мекен еткен тайпалар сол жерде кейіннен қалыптасқан халықтың негізін құрады. Қазақтарда дәл солай. Мұның бәрін әлемдік тарих пен әлемдік ғылымның жетістіктері мәнмәтінінде қарастыру керек. Мемлекет басшысы фрагменттіктен бас тартуымыз керектігін айтты. Сақтар мен массагеттер бір кездері болып, кейін жоқ болып кеткен жоқ. Қазақтар аспаннан түскен жоқ. Бұл дұрыс емес. Қолға түскен жаңа деректерге қарай отырып және оларды жиынтықтай келе, біздің халқымыздың пайда болуы осы жерде тұрған тайпалармен байланысты екенін айта аламыз», - деп жеткізді сарапшы өз ойын.

Бұл ретте ол қазақ халқы Қазақ хандығы құрылғаннан әлдеқашан бұрын болғанын атап өтті.

«Қазақ хандығының 550 жылдығы туралы тоқталғанда, мынаны сұрағым келеді: біз сонда бұрын болмадық па? 550 жыл бұрын Қазақ хандығы құрылса, біздің халқымыздың тарихы одан да тереңде. Мен соңғы жылдары Авестамен айналысып жатырмын. Авестада көптеген дәстүрлер болған. Бірқатар ресейлік генетиктер бұл оқиғаның 4 мың жыл бұрын болғанын дәлелдеуде. Олардың түп-тамыры сол уақыттан басталған. Яғни, біздің тіліміз бен дәстүріміз тереңде жатыр. Сондықтан, Президенттің идеясы біздің түп негізімізді тереңдетуде», - деп түйіндеді Р.Алшанов. 

Фото: daz.asia