20:58, 01 Қыркүйек 2014 | GMT +5
Тарканның әр концерті 370 мың доллар пайда әкелмек
АСТАНА. ҚазАқпарат - Мегажұлдыз Таркан Ыстамбұлдағы Харбие сахнасында қоятын әр концерті үшін 800 мың түрік лирасы көлемінде (370 мың АҚШ доллары) пайда таппақ, деп хабарлады www.24.kz

Бұл туралы жергілікті ақпарат құралы мәлім етті. Жыл сайын қыркүйектің алғашқы аптасында әнші дәстүрлі түрде есеп беру кешін өткізеді. Алайда биыл атақты поп жұлдыз өзінің сүйікті тыңдармандарына бес күн қатарынан концерт бермек. Оған шамамен 30 мың билет сатылады деп жоспарлануда. Әр кеш үшін Тарканның таза табысы 800 мың түрік лирасын (370 мың АҚШ доллары) құрап отыр. Концерт қыркүйектің 3 мен 8-і аралығында Ыстамбұлдың Харбие сахнасында ашық аспан аясында өтеді.