Тәртібі жақсы сарбаз 10 күн демалыс алады - әскери бөлімнен фоторепортаж

сарбаздар
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

АСТАНА. KAZINFORM – Сарбаздар Отан алдындағы борышын өтеп, туған жеріне оралғанда «Әскер қалай екен, не істедіңдер?» деп жан-жақтан қаумалайтыны белгілі. Біз бұл сұрақтың жауабын әскери бөлімге арнайы барып білгенді жөн көрдік. Сарбаз­дардың бір күндік өмірімен танысып, бір жылдық ғұмырының мәнісіне үңілдік.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Астана қаласының іргесіндегі 68665 әскери бөлімінде орналасқан 36-ерекше мақсаттағы бригадаға ат басын бұрғанымызда әскерге шақырушылар оқу-жаттығу жиынында жүр екен. Әлі сарбаз деу ертерек шығар, себебі жақын күндері ғана ант қабылдамақ. Оған дейін әскери өмірдің қыр-сырына қанығып, қаруды қолдануға машықтанып жатыр. Ант қабылдау рәсімін асыға күтіп жүрген сарбаздардың бірі Елдар Сүйінбай қуыршақ театрында әртіс болып еңбек еткен.

Елдар Сүйінбай
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Жұмыс ешқайда қашпас. Отан алдындағы борышты атқаруға зор құлшыныспен келдім. Жасыратыны жоқ, кейбір таныстарым әскерді жаман жағынан айтып, күмәнді ойларға ерік берген едім. Әскерге келгеніме екі апта уақыт болды, мұндағы өмірдің жігіттерді жігерлі етуге, оң-солын тануға, Отанға деген махабатты арттыруға, жалпы жақсы қасиеттерді сіңіруге әсері мол екеніне көз жеткіздім», - дейді Елдар.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Аталған бөлім Құрлық әскерлерінің ­құ­ра­­мын­да. 68665 әскери бөлім командирінің орынбасары - тәрбие және идеологиялық жұмыстар жөніндегі бөлімнің бастығы, подполковник Талғат Құлмановтың айтуынша, әскери бөлім 2003 жылы құрыл­ған.

сарбаздар
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Әскери саладан хабары аз азаматтар біле бермеуі мүмкін, бұл әскер – Қарулы Күштердің элитасы. Жоғарғы Бас қолбасшының резерві са­налады. Астана қаласындағы қо­ғам­дық тәртіпті қамтамасыз етіп, бей­біт және соғыс жағдайында қауіп төнген аймақтарға шұғыл жетуге және кенет­тен туындаған тапсырмаларды орын­дауға жұмылдырылады.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Шекараға жа­қын ор­наласқан әскерлерге көмек көрсе­тіледі. Бітімгершілік операциялары­на қатысу миссиясы тағы бар. Мұн­дағы Құрмет қарауылы ротасы сар­баздары елімізге сапарлап келген мемлекеттердің президентін, өзге де құр­мет­ті меймандарды күтіп алу сияқты ресми іс-шаралардың басы-қасында жү­ре­ді. Ал осындай маңызды міндеттерді мүл­тіксіз орындап келе жатқан бригаданың қатарынан табылу – сарбаздарға зор абырой!

Талғат Құлманов
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

«Биыл көктемде 150-ден астам сарбаз Отан алдындағы борышын абыроймен атқарып, үйлеріне оралды. Десе де, 30 пайызы келісімшарт негізінде әскери қызметін жалғастыруға ниет білдірді. Ал мерзімді әскерге шақыру кезеңінде еліміздің бірқатар өңірінен 200-ге жуық жас қатарға қосылды. Олар әзірге оқу-жаттығу жиынында тәжірибе жинақтап жүр. Жақын күндері ант қабылдайтын болады», - деді Талғат Құлманов.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Айта кету керек, еліміздің көптеген аймағында болған су тасқыны кезінде осы бөлімнің 300 сарбазы (офицер, сержанттар да бар) Солтүстік Қазақстан облысы Бескөл ауданында апаттың алдын алу жұмыстарына жұмылдырылған. 21 күн бойы су тасқынымен арпалысқан сарбаздарға облыс басшылығы, жергілікті тұрғындар алғыстарын білдіріп, құрметтеп шығарып салған.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Кейбіреулер сарбаздар таңнан кешке дейін далада жаттығу жасап, кабинетте білім алып отырады деп ойлауы мүмкін. Шын мәнінде Отан қорғаушыларға бос уақытын тиімді өткізу үшін барлық жағдай жасалған. Олар газет-журнал оқып, теледидар көріп, музыкалық аспаптардың сүйемелдеуімен ән салып, көңілдерін көтереді.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Казарманың жанында шағын футбол алаңы, спорт залы да бар. 68665 әскери бөлімінің сарбаздары жыл бойы әскери бөлімдер арасында ұйымдастырылатын түрлі спорттық сайыстарға қатысып, жүлделі орындарды иеленіп жүргенін атап өткен жөн.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Әр сарбаздың ата-анасымен кері байланыс орна­тылған. Олар үшін «Ашық есік» күні ұйымдастырылып, әскердегі өмірді көрсету дәстүрі қалыптасқан. Әс­кери бөлім бастықтарының ұялы телефон нөмірі ата-аналарға берілген. Кез келген уақытта байланысып, баласының жағдайын сұрауға мүмкіндік бар. Біз жүрген кезде сарбаздардың бірінің анасы хабарласып, баласының денсаулығын сұрап жатты.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Ұялы телефон демекші, сарбаздарға аптасына екі рет (сенбі-жексенбі) ағайын-туыс­пен хабарласуға болады. Айтпақшы, сарбаздарға жақсы тәртібі үшін 10 күнге (жол­ға кеткен күндер есепке алынбай­ды) демалыс беріледі. Әр аптаның қоры­тындысы бойынша үздік нәтиже көр­сеткен сарбаздар бір күнге сейілдеуге босатылатынын да атап өткен жөн.

асхана
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform
сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Сарбаздардың ас мәзірі көпшілікті қызықтыратыны анық. Бізге сарбаздармен бірге түскі ас ішу сәті түсті. Асханадағы тамақтар молынан үлестіріледі екен. Витаминдер де таратылады. Тал­ғат Құлмановтың айтуынша, мұндағы жауынгерлік дайын­дықтың қарқыны жоғары. Сәйкесінше, күш көп жұмсалған сайын ас мөлшері де молынан үлестірілмек.

сарбаз
Фото: Солтан Жексенбеков/Kazinform

Иә, дені сау, ақыл-ойы жетілген әрбір азамат Отан алдындағы борышын өтеуге міндетті. Қазақстанның қорғаны болар жастардың жаман әдеттерден арылып, өз еркімен әскер қатарынан табылып, шен үшін емес ел үшін қызмет етуі маңызды.

Соңғы жаңалықтар