Тәртіп сақшылары Астанада тұрғындардың бірінің ноутбугін тартып алған екі азаматтың ізін суытпай ұстады

АСТАНА. 14 наурыз. ҚазАқпарат - Астанада белгісіз біреулер ашықтан-ашық бейбіт тұрғынның ноутбугын тартып алды. Бұл туралы Астана қалалық Ішкі істер департаментінен хабарланды.

Тәртіп сақшылары Астанада тұрғындардың бірінің ноутбугін тартып алған екі азаматтың ізін суытпай ұстады

«Сарыарқа» аудандық Ішкі істер бөліміне 1988 жылы туылған Астана қаласының тұрғынынан кешкісін белгісіз екі азамат қорқытып-үркітіп, құны 180 мың теңге тұратын ноутбугын алып кеткендігі жөнінде шағым түскен. Осы оқиғаға байланысты жедел түрде шара қолданған автошолғыншы полиция жасақтарының өкілдері екі азаматты да ізін суытпай ұстады. Олар 22 және 25 жастағы Жамбыл және Шығыс Қазақстан облыстарының тұрғындары болып шықты. Қазіргі таңда аталған оқиға бойынша қылмыстық іс қозғалып, ұсталғандар қамауға алынды. Күдіктілердің республиканың өзге де аймақтағы қылмыстарға қатыстылығы тексерілуде.