Тәртіп сақшылары балаларға көмектесуде

ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ. Тамыздың 14-і. ҚазАқпарат - Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнемонитормен қаладағы жағдайды қадағалай отырып, Абай-Төле би қиылысындағы төбелесті байқайды да, ол жерге патрульдік полиция жеке батальонының экипажын бағыттайды.
None
None

ППЖБ екінші кавалерия взводы командирінің көмекшісі полиция лейтенанты Никита Фазиловтың айтуынша, төбелесіп жатқан екеу нысанды киімді адамдарды көрген бетте қаша жөнелген, деп хабарлайды облыстық ІІД баспасөз қызметінен Роза Қалдыбекова.

- Іздеріне түсу арқылы қашқындардың бірін облыстық мұражай маңынан ұстадық. Ұрыс-керіс жәбірленуші және пышақпен, электрошокермен қаруланған тұлғалар тобы арасында болған. Қылмыс қаруымен қорқыту арқылы қарақшылар өткіншінің ұялы телефонын иемденген, - дейді Н.Фазилов.

Күш көрсетушілердің қалғандары Әйтеке би мен Қазыбек би көшелерінің қиылысы маңын торуылдау кезінде екі сағаттан соң құрықталды. Тінту барысында олардан сегіз ұялы телефон (оның ішінде ұрланған және жәбірленуші таныған ұялы телефондар да бар) табылған. Қарулы қарақшылық шабуыл дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалып, тұтқындар осыған ұқсас жасалған ондаған қылмысқа күдікті болып танылды.

- «Жыл басынан бері Жамбыл облысы ІІД ППЖБ қызметкерлері 300-ге жуық қылмыстарды ашты. Екі мыңнан астам әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталған және хаттамалар толтырылған.

Полицейлер қылмыспен күресіп, азаматтардың тыныштығын қорғап қана қоймай, мұқтаж азаматтарға қайырымдылық көмек пен әлеуметтік қолдау көрсетеді.

Жамбыл облысы ІІД бастығының бастамасымен балаларға көмек көрсету келешекте де ақысыз жүргізіле береді, - дейді шолғыншы полицияның жеке батальоны командирінің орынбасары Уәлихан Сексенбаев.

Соңғы жаңалықтар