Тәртіп сақшылары «Бекіре» операциясын аяқтады ? апталық брифинг

АСТАНА. Маусымның 1-і. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Бүгін Ішкі істер министрлігінің Орал-Каспий аймағында браконьерлік пен балықты және балық өнімдерін заңсыз айналымға жіберу фактілерін анықтау және олардың жолын кесу мақсатында жүргізілген «Бекіре» жедел-сауықтыру шарасын аяқтады.
None
None
Шараның нәтижелерін бүгін журналистермен болған брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментің бастығы Қуанышбек Жұманов жария етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат. Оның мәліметтеріне қарағанда, шара барысында Атырау, Маңғыстау және Батыс-Қазақстан облыстарының тәртіп сақшылары 26 тоннадан астам заңсыз ауланған балық тәркілеген. Оның 2 тоннадан астамы бекіре тұқымдастар. Сондай-ақ олар браконьерлерден 450 ау мен 11 қайық тәркілеп және 1 тонна бекіре тұқымдас балығы бар 58 автокөлік ұсталған. «Сонымен қатар Каспий теңізіндегі Қазақстан аймағынан заңсыз балық аулап жүрген Ресей мен Әзірбайжанның 32 азаматы ұсталып, олардан 7 қайық алынды», - деді департамент бастығы. Департамент бастығының айтуынша, заңсыз балық аулаушылармен күрес сәуір мен мамыр айларының аралығында балық қорғау органдарымен бірлескен түрде республиканың басқа да аймақтарындағы суларда жүргізілген. «Қорыта айтқанда, биыл бірлескен шаралардың нәтижесінде балықтың уылдырық шашатын кезінде республика аумағында браконьерлік әрекеттердің жаппай белең алуына жол берілген жоқ», - деді Қ.Жұманов.
Соңғы жаңалықтар
Референдум