19:54, 25 Тамыз 2014 | GMT +5
Тәртіп сақшылары демалып жатқан Марокко королінен күдіктеніп, құжаттарын тексерген
АСТАНА. ҚазАқпарат - Испаниядағы Азаматтық гвардия қызметкерлері Марокко королі VI Мұхаммедті қылмыскер ретінде ұстап, оның жазғы демалысының шырқын бұзды, деп хабарлады El Mundo басылымы.

Монарх испандық Сеут жартылай анклавы жағалауында нөкерлерімен демалып жатқан. Гвардия сарбаздары екі моторлы қайық пен үш гидроцикл мінген демалушыларды тоқтатып, кім екендіктерін сұрайды. «Менің кім екенімді білмейсіңдер ме?» - деп ақырыпты Марокко монархы. Олардың құжаттарын тексергенге ашуланған король бірден Испания патшасына қоңырау шалған.
Көп ұзамай гвардияшылар корольден кешірім сұрады. Монарх та оларға қызметін мықты атқарғаны үшін мақтау айтқан.
Соңғы жылдары бұл көлік түрін өңірде есірткі тсаымалдаушылар мен адам саудасымен айналысатындар ғана пайдаланады. Жергілікті сарбаздар корольді танымай қалған, себебі ол көзіне қара көзілдірік киіп алған.