Тәртіп сақшылары іздеуде жүрген 66 қылмыскерді қолға түсірді

АСТАНА. Қаңтардың 12-сі. ҚазАқпарат /Айдар Оспаналиев/ - Ағымдағы жылдың қаңтар айының 3-і мен 10-ы аралығында елімізде 1 мың 621 қылмыс тіркеліп, оның 43-і кісі өліміне 13-і қарақшылық шабуылға қатысты болып отыр.
None
None
Сондай-ақ тағы 147 рет кісі тоналып, 686 рет ұрлық жасалған. Бұл туралы бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Бағдат Қожахметов мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның мәліметтері бойынша, осы мерзімде тәртіп сақшылары 1 мың 304 қылмыстың бетін ашқан. Сондай-ақ іздеуде жүрген 66 қылмыскерді қолға түсіріп, 5 атыс қаруын тәркілеген. Ал республика жолдарында осы аптада 155 жол -көлік оқиғасы орын алып, оның салдарынан 19 адам мерт болған. 214 адам түрлі дәрежедегі дене жарақаттарын алған.
Соңғы жаңалықтар