Тәртіп сақшылары кәмелетке толмаған екі жасөспірімді зорлап өлтірді деген күдікпен Өзбекстанның әйел азаматын іздестіруде
Бұл оқиға жөнінде бүгін журналистермен болған апталық брифингте Ішкі істер министрлігінің Тіл саясаты және ақпарат департаментінің бастығы Қуаныш Жұманов баян етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Оның сөзіне қарағанда, жантүршігерлік оқиға қарашаның 4-і күні Алматы қаласы Жетісу ауданындағы үйлердің бірінде орын алған. Аталмыш үйден кәмелетке толмаған екі жасөспірімнің мәйіті мен пышақталып, өлімші етіп жараланған 8 жасар қыз бен әйел азамат табылған. «Полиция қызметкерлері аталмыш қылмысқа өзбекстандық 18 жасар Барной Абуллаеваны күдікті деп танып отыр. Оның бойы 150-155 сантиметр. Шашы қысқа және қара түсті. Толық денелі, оң қолы бинтпен оралған. Ішкі істер министрлігі аталмыш азамат жөніндегі мәліметтерді ақпарат құралдарында жариялауды сұрайды», деді министрлік өкілі.