Тәртіп сақшылары ҚР Президентінің халыққа Жолдауын талқылады

ҚОСТАНАЙ. 27 ақпан. ҚазАқпарат - Президент Жолдауын түсіндіру бойынша ақпараттық-насихаттық топтың мүшелері Қостанай облысының полицейлері алдында сөз сөйледі.
None
None

Топ мүшелері - Қостанай облысы бойынша тексеру комиссиясының төрайымы Гүлнәр Әбенова мен Қостанай мемлекеттік университетінің ректоры Қуат Баймырзаев Президент Жолдауының стратегиялық маңызы бар құжат болып табылатынын атап өтті. Бүгінде ол Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық жаңғыртылуының нақты әрекеттер жоспары болып табылады. 

«Үлкен міндеттер тұр, оларды іске асыру үшін қомақты бюджеттік қаржы бөлініп жатыр. Сондықтан бюджеттік қаржыны алушылардың жауапкершілігі күшейтілген, бюджеттік тәртіп өсіріліп, бұл қаржыны жұмсау бойынша бақылау қатайтылған», - деп атап өтті Г.Әбенова. 

ҚМУ-нің ректоры Қ.Баймырзаев әрбір қазақстандықтың алдында ашылып жатқан білім берудің болашағы туралы айтты. «Білімді, білікті кадрларды даярлау біздің болашағымызбен тікелей байланысты», - деп атап өтті профессор.

Жергілікті атқарушы биліктің сөздерін тыңдаған полицейлер Президент Жолдауының түрлі аспектілерімен терең танысу өткізіліп жатқан реформалардың көлемділігін түсініп, оның іске асырылу механизмдерін елестетуге мүмкіндік береді деген пікірде.

Соңғы жаңалықтар