Тәртіп сақшыларын балтамен жарақаттаған ер адамды атып өлтірді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Нью-Йорктегі Куинс ауданының полицейлері бейсенбіде өздеріне балтамен шабуылдаған ер адамға оқ атты. Бұл туралы мегаполистің полицей басқармасының басшысы Уильям Брэттон хабарлады.
Оның айтуынша, оқиға жергілікті уақытпен 14:00 шамасында Куинс көшелерінің бірінде төрт тәртіп сақшылары фотографтың өтініші ойынша суретке түсейін деп тұрған сәтте орын алған.
Күтпеген жерден оларға қолында балтасы бар ер адам тап берген. Сақтық шарасы ретінде қарсы оқ атқанша, әлгі екі полицейді жаралап үлгереді. Қаскүнем көз жұмды, ал бір полицей қолынан, екіншісі басынан ауыр жарақаттанды. Қазір ол әл үстінде жатыр.
Бұдан басқа оқиға орнында кездейсоқ оқ тиген 29 жастағы әйелге ота жасалды, қазір қалалық ауруханалардың бірінде емделуде.
Шабуыл жасаушының кім екені, неліктен мұндай қадамға барғандығы анықталуда.