«Тәртіп сақтау» шарасының алғашқы күнінде Алматыда 22 келімсек ұсталды

АЛМАТЫ. Тамыздың 5-і. ҚазАқпарат /Ербол Азанбек/ - Бүгін Алматының Медеу ауданындағы саяжайларды тексеру барысында Өзбекстан мен Қырғызстаннан 22 заңсыз келуші анықталды.

«Тәртіп сақтау» шарасының алғашқы күнінде Алматыда 22 келімсек ұсталды

«Бұлардың 16-сы Өзбекстанның Хорезм қаласынан, 6-уы Қырғызстаннан келгендер. Бұлар ел аумағына келу және еңбек заңдылықтарын бұзған. Қырғызстандық азаматтардың мүлдем құжаттары жоқ. Олардың айтуынша, құжаттарын уақытша құрылыс прорабына берген. Заңсыз келген шетелдіктердің айтуынша, олардың мұнда келгендеріне 1 ай болмаған. Қазіргі кезде оларды елдеріне қайтару шаралары жасалуда», дейді Медеу аудандық көші-қон полициясы бөлімінің бастығы Алмас Жәмшитов. Оның айтуынша, келімсектерді заңсыз жұмысқа тартушылар да жазаланады. Ал елден шығарылғандардың төлқұжаттарына Қазақстан аумағына енді 3 жылға дейін келуге тыйым салынған мөр басылмақ.