Тәртіптік-қадағалау комитетінің шешімімен Премьер-лига мен Бірінші-лиганың турнир кестесіне өзгерістен енгізілді

АЛМАТЫ. Шілденің 27-сі. ҚазАқпарат /Ерлік Ержанұлы/   - Бүгін футболдан  Тәртіптік бақылау комитетінің шілденің 16-сындағы  шешімі өз күшіне енді,

Тәртіптік-қадағалау комитетінің шешімімен Премьер-лига мен Бірінші-лиганың турнир кестесіне өзгерістен енгізілді

 деп хабарлайды ҚазАқпарат Қазақстан футбол федерациясының интернет сайтына сілтеме жасап.

 Тәртіптік бақылау комитетінің  шешімімен  Премьер-лига мен Бірінші-лиганың турнир кестесіне өзгерістер енгізілді. Олардың шілденің 16-сындағы шешімге қарсы шағым беруге берілген 10 күндік мерзімі кеше аяқталды. Сол себепті  комитет шешімін орындамағаны және биылғы жылғы өтініш беру жарнасын төлемегені үшін Премьер-лигада өнер көрсететін "Қазақмыс" пен Бірінші-лигадағы  "Түркістан", "Екібастұз" командаларынан 3 ұпайдан кемітілді. Ал комитет шешімін орындамағаны және 2008, 2009 жылғы өтініш беру жарнасын төлемегені үшін Бірінші-лигадағы "Айжарық" футбол клубы 6 ұпайынан айырылды.

 Қазір 16 турдың қорытындысы бойынша  Премьер-лигадағы 14 команданың арасында "Қазақмыс" 12 ұпаймен 11-ші сатыда тұр. Ал Бірінші-лигадағы 14 команданың арасынан 13 турдың қорытындысы бойынша "Айжарық" 16 ұпаймен - 8-ші, "Екібастұз" 15 ұпаймен - 9-шы, "Түркістан", 7 ұпаймен 13-ші орында келе жатыр. Түркістандықтардың  турнир кестесін түйіндеп тұрған  "Ақтөбе-Жастан" 2 ұпайы ғана артық.