Тәртіптік комиссия судьяны қызметінен босату туралы қаулы қабылдады

ҚОСТАНАЙ.  Қазанның  17-сі. ҚазАқпарат /Петр Плахотников/ -  Қостанай  облыстық сотының  тәртіптік кеңес алқасы   Қостанай    мамандандырылған  әкімшілік сотының  төрағасы Е.Панзабековты   қызметінен  босату  туралы     қаулы  қабылдады,  

Тәртіптік комиссия      судьяны   қызметінен босату  туралы қаулы қабылдады

   деп хабарлайды ҚР Жоғарғы сотының баспасөз  қызметі.

Бұдан бұрын хабарлағандай,  Е.Панзабеков  судья  мәртебесіне сай келмейтін   бірқатар  әрекеттер жасаған.   Атап айтқанда,  ол  төрт  адамды  өлтіруге  әрекет  жасаған,   нәтижесінде  қылмыстық жауапкершілікке тартылған.    Қазіргі уақытта     тергеуге  дейінгі тексерулер  жүруде, ал қамауға алынған  судья Қостанай абақтысында  отыр.

Қаулыны  қабылдамас бұрын, алқалы  отырыс Е.Панзабековтың  ісі  бойынша  бірқатар материалдарды   талдаудан өткізді.   Қазанның 7-сінде  Қостанай  көшелерінің бірінде  болған оқиға  туралы бұқаралық ақпарат құралдарының     жарияланымдары,      прокуратура мен  ішкі істер  департаментінің  ресми  хабарлары,   сот этикасы жөніндегі комиссияның  қорытындысы  және  судьяның мінездемесі  егжей-тегжей   сараланды.