Тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметкерлерге бонустар төленбейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Енді тәртіптік жазалардың болуы мемлекеттік қызметкерлердің еңбегін төлеу деңгейіне әсер етеді. Бұл туралы ҚР Мемлекеттік қызмет істері вице-министр Айгүл Шайымова мәлім етті.

 Тәртіптік жазасы бар мемлекеттік қызметкерлерге бонустар төленбейді

«Біз базалық жалақы, сондай-ақ бонустық бөлік секілді еңбекақы төлеу жүйесіне ауысудамыз. Бонустық бөлік тәртіптік жазаның болуына тікелей байланысты болады. Егер де мемлекеттік қызметкер жауапкершілікке тартылса, оған бонустар төленбейді»,-деді ол бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз мәслихатында.

А. Шайымованың сөзіне қарағанда, бонустар жоғары тиімділікті көрсеткен қызметкерлерге төленеді, яғни олар өздерінің тәртібімен осындай ынталандыруға лайық болады.

«Бонустық бөлік тиісті қорда сақталады және ол мемлекеттік органдардың қаржыны үнемдеу есебінен қалыптасады»,-деді вице-министр.