Tartyl Fest: Алматыда турникте тартылу бойынша үшінші республикалық спорт фестивалі аяқталды

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Алматыда Tartyl Fest турникте тартылу бойынша үшінші республикалық спорт фестивалі аяқталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Қазіргі уақытта фестивальге қатысқан адам саны (623 қатысушы) және турникке тартылу бойынша (40 рет) Алматы қаласы көш бастап тұр. Бұған дейін турникке тартылу бойынша рекорд Конаев қаласында жасалған еді (37 рет).

Жарыстың ашылу салтанатында Алматы қаласы әкімінің орынбасары Арман Қырықбаев, Алматы қаласы спорт басқармасының басшысы Ерден Хайруллин, «Дара» таланттарды қолдау қорының басшысы Нұрлан Қоянбаев, жоба амбассадоры, қоғам қайраткері, жаттықтырушы әрі актер Айтым Жақыпов сөз сөйледі.

Фестивальге қатысушы барлық 20 қала үшін ереже бірдей – дұрыс және ең көп тартылу. Алматыдағы жарыс өте тартысты әрі қызықты өтті.

Бірінші орын және 200 000 теңгенің иегерлері:

1. 18 жасқа дейін:

Тохти Курбанов – 27 рет, Мунашбай Меиржан – 40 рет, Алан Абзалханұлы – 30 рет.

2. 18-30 жас аралығы:

Медет Күзембаев – 40 рет, Қалман Дәулет – 34 рет, Абылай Сейілханов – 27 рет.

3. 30 жастан жоғары:

Руслан Ахметов – 33 рет, Ақбар Жармағанбетов – 27 рет, Ержан Нармашев – 27 рет.

Екінші орын және 100 000 теңге алғандар:

1. 18 жасқа дейін:

Руслан Мартаев – 26 рет, Сергей Тепляков– 31 рет, Юсуп Сеиітов.

2. 18-30 жас аралығы:

Сумагул Мухиядин– 35 рет, Қайыржан Исламханов – 31 рет, Алиасқар Жұмаділ – 25 рет.

3. 30 жастан жоғары:

Жасұлан Темірбаев – 27 рет, Қайрат Төрешов– 26 рет, Вадим Носиков – 20 рет.

Үшінші орын және 50 000 теңге алғандар:

1. 18 жасқа дейін:

Тұрсынбай Әлиакбар – 21 рет, Темір Балғабаев – 30 рет, Дінмұхаммед Байтеміров – 19 рет.

2. 18-30 жас аралығы:

Руслан Шулен – 33 рет, Ренат Бакиров – 17 рет, Ғалым Мұқанов.

3. 30 жастан жоғары:

Айдын Дүйсебаев – 26 рет, Мұрат Ушуров – 25 рет, Абдусамат Шафаров – 23 рет.

Бұл жолы Tartyl Fest-те әр түрлі қатысушылар, атап айтқанда, кішкентай спортшылар, аға буын өкілдері, мүгедектігі бар адамдар, танымал қазақстандық блогерлер өз күштері мен шыдамдылықтарын сынады.

Алматы әкімдігі пара жүзуден Қазақстан чемпионы 60 жастағы Чакер Смағұловты «Жеңіске деген жігері үшін» арнайы наградамен марапаттады.

ҚР Президентінің іс басқарушысы Айбек Дадебаевтың наградаларына 23 жастағы мотиватор қатысушы Әділжан Даулетов пен 10 жастағы Вероника Соклакова ие болды.

Ол қыз 21 рет тартылды.

Сондай – ақ, жекелей марапаттарға ең жас қатысушы, 5 жасар Рауан Жанақбай (7 рет тартылды) мен жастарға үлгі болатын, 69 жастағы Роман Балтабаев ие болды.

Спорт фестивалін танымал блогер – NNN (Нұрдәулет) қолдады. Ол тіпті турникте тартылу бойынша Нұрлан Қоянбаевпен жарысты. Фестивальдің арнайы қонағы Мирас Жүгінісов ән айтып, көрермендер мен жарысқа қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлады.

Спорт фестиваліне қатысушылар бірінші орын үшін 200 мың теңге; екінші орын үшін – 100 мың теңге; үшінші орын үшін – 50 мың теңге ақшалай сыйлық алды. Жарыс ресми төрешілер алқасының қатысуымен өтті.

Фестиваль 10 шілде - 6 қыркүйек аралығында еліміздің 20 қаласында өтеді. Оған қазақстандықтар қатысып, ақшалай жүлделерді ұтып ала алады.

Әр қалада 27 жеңімпаз іріктеледі.

Әр қаланың жеңімпаздары (9 санатта) Нұр-сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Гранд-финалдың жүлде қоры-54 млн теңге. Гранд-финал чемпиондары Street Workout бойынша әлем чемпионатына қатыса алады.

Айта кетейік, Street Workout-көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығуларды орындауды қамтитын әуесқой спорт түрі.

Еске салсақ, бұған дейін Қонаев қаласында елімізде алғаш рет Tartyl Fest республикалық спорт фестивалі басталған болатын.

Сондай-ақ, 14 шілде күні Талдықорған қаласында турникке тартылудан жарыс жеңімпаздары анықталған еді.



Соңғы жаңалықтар