Tartyl Fest фестивалі бүгін Жезқазғанда өтеді
Tartyl Fest Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы «Дара» қоғамдық қорының қолдауымен өтіп жатыр.
Бүгін Жезқазған аталған спорттық шара өтетін 15-інші қала.
«Ротондо» алаңында өтетін турникке тартылу жарысына іріктеу, өлшеу және қатысушыларға нөмірлер беру сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін өтеді. Ал ресми сағат 14:00-де ашылады.
Спорттық бәсескенің жұлдызды қонағы әрі хэдлайнері - белгілі қазақстандық әнші Нұржан Керменбаев. Алдын ала мәліметтер бойынша, әншінің қатысуымен концерт 22:30-да басталады.
Tartyl Fest фестивалінің барлық қатысушыларына қойылатын талап пен ереже бірдей. Яғни турникке дұрыс және көп тартылуыңыз қажет.
Сондай-ақ, жарыс қатысушылардың салмағы мен жас ерекшелігіне қарай 9 санат бойынша өтеді. Қатысушылардың шеберлігін ресми төрешілер алқасы қадағалайды.
Қатысушылар санаты:
18 жасқа дейін (юниорлар):
1) салмағы - 55 кг дейін;
2) салмағы – 55-тен 70 кг-ге дейін;
3) салмағы - 70 кг бастап және одан жоғары;
18 жастан 30 жасқа дейін (жастар):
4) салмағы - 65 кг дейін;
5) салмағы – 65-тен 80 кг-ға дейін;
6) салмағы - 80 кг бастап және одан жоғары;
30 жастан жоғары (ересектер):
7) салмағы - 80 кг дейін;
8) салмағы - 80-ден 90 кг-ға дейін;
9) салмағы - 90 кг және одан жоғары.
Айта кетейік, турникке тартылудан Tartyl Fest фестивалі еліміздің 20 қаласында ұйымдастырылып, өтіп жатыр. Бәскеге кез келген азамат қатысып, қаржылай ұтысқа ие болу мүмкіндігі бар. Әр қаладан 27 жеңімпаз таңдалады.
Бастауын 10 шілдеде Алматыдан алған спорттық шара 6 қыркүйекте елордада қорытындыланады деп жоспарланып отыр.
Турникке өзгелерден көп әрі дұрыс тартылып жеңімпаз атанған азаматқа яғни 1 орына иесіне 200 мың теңге, 2 орын үшін 100 мың теңге және 3 орын жүлдегеріне 50 мың теңге қаржылай сыйақы беріледі.
Тағы бір жайт, әр қаланың жеңімпаздары (9 санат бойынша) Нұр-Сұлтан қаласында өтетін гранд-финалға қатысады. Ақтық сынның жалпы жүлде қоры 54 млн теңгені құрайды.
Ал гранд-финал чемпиондары «Street workout» бойынша әлем чемпионатына жолдама алады. Жоба амбассадоры - қоғам қайраткері, жаттықтырушы және актер Айтым Жақыпов. Ол Қазақстанда және әлемде street workout бойынша бірнеше дүркін рекордшы, Streetlifting бойынша Еуропа рекордсмені, сондай-ақ Қазақстандағы street workout қозғалысының негізін қалаушылардың бірі. Street workout-көшедегі спорт алаңдарында түрлі жаттығулар орындалатын әуесқой спорт түрі.