Tartyl Fest: Өскеменде фестивальге 250-ге жуық адам қатысуға ниет танытты

None
None
ӨСКЕМЕН. ҚазАқпарат – Өскеменде Tartyl Fest республикалық турникке тартылу фестивалінде 250-ге жуық үміткер тіркелді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Дәл қазір Tartyl Fest республикалық турникке тартылу фестивалі Өскеменде өтіп жатыр. Қала бойынша 250-ге жуық адам қатысуға ниет танытқан. Әзірге ел бойынша рекордты Қарағанды қаласында 50 рет тартылған Евгений Нам орнатты. Өскемендіктер бұл рекордты жаңартуға тырысуда.

- Қол күреспен айналысып жүргеніме 3 жылдан асты. Осы фестиваль үшін арнайы Глубокое ауданынан келдім. Қазір сәлден соң бағымды сынап көремін, - дейді Қуанышбек Киарыстанов.

Шараны ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр. Өскеменнен кейін фестиваль Семейде жалғасып, одан соң елордада Гранд финал өтеді.

- Турникке тартылып жүргеніме 5 жылдай болды. Сыныптастарыммен бірге бағымызды сынап көруге бел будық. Шамамыз келгенше тартыламыз, - дейді қаладағы қазақ-түрік лицейінің оқушысы Жолдыбек Бернар.

Өскемендіктер бар күш-жігерін салып, намысқа тырысып тартылып жатыр. Бүгін 27 жеңімпаз анықталып, әрқайсысына қаржылай сыйақы беріледі.


Соңғы жаңалықтар