Tartyl Fest: семейліктер рекордты жаңарта алмады
СЕМЕЙ. ҚазАқпарат – Семей қаласында өткен Tartyl Fest республикалық турникке тартылу фестиваліне 374 адам қатысты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Бүгін Tartyl Fest республикалық турникке тартылу фестивалі Семейде өтті. Қала бойынша 374 адам өз бағын сынап көруге бел шешкен. Алайда, олар Қарағанды қаласында 50 рет тартылып, ел бойынша рекорд отнатқан Евгений Намды басып оза алмады.
«Арена» мәдени спорт кешенінде қатысушыларды тіркеу сағат 9:00-ден 11:00-ге дейін жалғасты. Сағат 14:00-де ашылу салтанаты болып, қатысушылар турникке тартыла бастады.
Бүгін ең үздік атанған 18-30 жас аралығында 65 келіге дейінгі салмақта өнер көрсеткен Мағжан Ораз болды. Ол 40 рет тартылған.
Фестивальді ҚР Президенті жанындағы «Дара» дарындыларды қолдау қоры ұйымдастырып отыр. Семей осы фестивальді қабылдаған 19-шы шаһар. Енді гранд-финал 6 қыркүйек күні елордада өтеді.
Сонымен, Семейде өткен фестиваль жеңімпаздары:
18 жасқа дейінгі (55 келіге дейінгі салмақта) қатысушылар арасында:
1-орын – Ералы Тұрсынов (екі рет 25 рет тартылды)
2 орын – Николай Панков (бір рет 25 рет тартылып, екінші ретке келмей қалған)
3 орын – Диас Жұмабеков (23)
18 жасқа дейінгі (55-70 келі аралығындағы салмақта) қатысушылар арасында:
1-орын – Жақсылық Айгозин (29)
2-орын – Асанәлі Смағұлов (27)
3-орын – Ескендір Исмағұлов (26)
18 жасқа дейінгі (70 келіден жоғары салмақта) қатысушылар арасында:
1-орын – Ильяс Мукушев (29)
2-орын – Асқар Жұмабеков (23, 24)
3-орын – Ералы Бауединов (23, 23)
18-30 жас аралығындағы (65 келіге дейін) қатысушылар арасында:
1-орын – Мағжан Ораз (40)
2-орын – Мейір Кутуев (38)
3-орын – Мұрат Дəулетханов (37)
18-30 жас аралығындағы (65-80 келі аралығындағы салмақта) қатысушылар арасында:
1-орын – Ақпейіл Кутуев (36)
2-орын – Дархан Аслан (35)
3-орын – Рустам Кунаков (31)
18-30 жас аралығындағы (80 келіден жоғары салмақта) қатысушылар арасында:
1-орын – Əділет Аманбеков (33)
2-орын – Дмитрий Подебида (32)
3-орын – Азат Байназар (27)
30 жастан жоғары (80 келіге дейінгі салмақта) қатысушылар арасында:
1- орын – Нұрлан Демеубаев (33)
2-орын – К. Баймагамбетов (32)
3-орын – Рауан Төлегенов (28)
30 жастан жоғары (80-90 келі аралығындағы салмақта) қатысушылар арасында:
1-орын – Жасұлан Зайсанбаев (36)
2-орын – Мәдибек Есқалиев (27)
3-орын – Николай Зубенко (23)
30 жастан жоғары (90 келіден жоғары салмақта) қатысушылар арасында:
1-орын – Тимур Көксаев (34)
2-орын – Марат Ибраимов (29)
3-орын – Илья Самойленко (23)








