«Тарзан туралы аңыз» фильмінің алғашқы трейлері шықты

АСТАНА. ҚазАқпарат - Ұлыбританиялық режисcер, сценарист, продюсер, әйгілі Гарри Поттер туралы фильмдердің режиссері Дэвид Йэтстің "Тарзан туралы аңыз" ("The Legend of Tarzan") фильмінің алғашқы трейлері жарық көрді.

 «Тарзан туралы аңыз» фильмінің алғашқы трейлері шықты

Мұнда басты рөлдерде Александр Скарсгард, Марго Робби, Кристоф Вальц, Сэмюэл Л. Джексон, Джон Херт, Джимон Хонсу, т.б. актерлер ойнайды. Туынды Эдгар Райс Берроуздың орманда маймылдар тәрбиелеген адам баласы туралы шығармасына негізделген. Фильмнің премьерасы 2016 жылғы 30 маусымға белгіленген, деп хабарлайды kinostan.kz.