Тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды

АСТАНА. KAZINFORM – Тас жолдағы велоспорттан Қазақстан құрамасының бапкерлер штабы алдағы Азия чемпионатына қатысатын спортшыларды анықтады. 

Тас жолдағы велоспорттан Азия чемпионатына қатысатын спортшылар белгілі болды
Фото: Kazinform

Ұлттық олимпиадалық комитеттің мәліметінше, құрлықтық біріншілік 7-16 ақпан аралығында Таиландтың Пхитсанулок қаласында өтеді. 

Ерлер құрамасы: Дмитрий Груздев, Евгений Федоров, Игорь Чжан, Антон Кузьмин, Даниил Марухин.

Әйелдер құрамасы: Рината Сұлтанова, Махаббат Үмітжанова, Анжела Соловьева, Марина Курносова, Ақпейіл Өсім, Фаина Потапова. 

Еске сала кетейік, бұған дейін 2028 жылғы қысқы жасөспірімдер Олимпиадасы Доломиттер Вальтеллинада өтетінін жазған едік.