Тасадағы тұлға: алдағы уақытта АҚШ вице-президенті болуы ықтимал адам жайында не білеміз

АСТАНА. KAZINFORM – Миннесота губернаторы Тим Уолз Камала Харристің сайлау науқаны барысындағы серіктесі болды. Дәл осы жайт бұрын мұғалім болған әрі Ұлттық гвардия ардагеріне Демократиялық партияның жеңіс жолындағы күресін басқару мүмкіндігін беріп отыр, деп хабарлайды Кazinform агенттігінің тілшісі CNN телеарнасына сілтеме жасап.

 «Темная лошадка»: что известно о будущем потенциальном вице-президенте США
Фото: edition.cnn.com

Бұрын педагог болған Тим Уолз қазіргі уақытта Миннесота губернаторы қызметін атқарады. Бұл оның екінші мерзімі, сонымен қатар ол Демократ губернаторлар қауымдастығына да басшылық жасайды. Осыдан 12 жыл бұрын Конгрессте қызмет етіп, ауылдық округтердің консервативті көңіл-күйін білдірген еді. Ол Конгрессте қызмет еткен уақытта да, одан кейін де негізінен республикашылар басымдыққа ие.

Мұның алдында Тим Уолз Джо Байден тіпті пікірталастар барысында сәтсіздікке ұшыраса да оның жақтаушысы болған-ды. Джо Байден сайлауға қатысудан бас тартқан кезде Тим Уолз келесі күні-ақ Камала Харриске қолдау білдірді және сол уақыттан бері Демократиялық партия атынан түсіп отырған кандидаттың сенімді, жігерлі әрі өткір жақтасы ретінде өзін көрсетіп келеді.

Соңғы апта ішінде Тим Уолз республикашыларға қарата бірқатар есте қаларлық сөз тіркестерін айтқаны бар. Дегенмен, олардың ішінде Дональд Трамп пен Огойодан сенатор Дж.Вэнска затбелгі іліп қоюға деген батылдығы ерекшеленгені сөзсіз. Ол бұл жұпты олардың саяси күн тәртіптеріне қатысты сөз сөйлемес бұрын «біртүрлі жігіттер» деп атады.

Дәл осы сөз тіркесі көпшіліктің көкейінде қалып, Байденге қарсы науқанның жаңа кезеңіндегі негізгі мемге айналды.

Тим Уолз отбасына қатысты, әйелі Гвенмен байланысты белсіздік проблемасы жайлы айтып берді. Дәл осы жайт оған экстракорпоралды ұрықтандыруға наразылық танытушыларға қарсыларға немесе күмәнмен қараушыларға қарсы шығу кезінде беделін біршама көтеруге мүмкіндік береді.

«Үлкен қызымның аты – Хоуп (Сенім). Өйткені, жұбайымыз екеуіміз 7 жыл бойы бала сүйе алмадық. Бізге белсіздіктен емделуге тура келді. Мұндай дүниені, экстракорпоралды ұрықтандыруды (республикашылар MAGA) шектейтін еді», - деді Уолз Харрис жақтастарына қарата айтқан сөзінде.

Тим Уолз Конгресске дейін орта мектеп мұғалімі және футбол жаттықтырушысы болды. Сонымен қатар Армия Ұлттық гвардиясында қызмет етіп, қатардағы жауынгер қол жеткізе алатын ең жоғары шендердің бірі – аға сержант-майор шеніне дейін көтерілді. Конгресте қызмет еткен 10 жылдан астам уақыттың ішінде ол біржынысты некеге тыйым салуға қарсы болып, түсік тастау құқығына қолдау білдірді. Мұнан бөлек, қару-жарақ құқығына қарсы шықты және бұл әрекеті қару-жарақ лоббилерінің көңіліне қона қойған жоқ.

2022 жылы Демократиялық фермерлік-лейбористік партиясы (штаттың Демократиялық партиясын осылай атайды – ред. ескертпесі) штаттың Өкілдер палатасын да, Сенатын да бақылауды қолға алады. Дәл осы жайт Уолзге мемлекеттік мектеп оқушыларына арналған тегін түскі ас, медициналық көмекке қол жетімділікті арттыру, жұмысшыларға кәсіподақ құруға мүмкіндік беретін қорғаныс шараларын күшейту, сонымен қатар науқастануына байланысты ақылы еңбек демалысы мен отбасылық демалысты кеңейту сияқты бірқатар ауқымды әлеуметтік қамсыздандыру бағдарламалары туралы Заңға қол қоюға мүмкіндік берді.

Миннесота демократтары сондай-ақ заңмен түсік жасату құқығын бекітіп, трансгендерлердің құқықтарын қорғауды күшейтті, марихуананы заңдастыру туралы заң жобасын қабылдады және қару қауіпсіздігі туралы жаңа заңдар белгіленді.