Тасбақалар жарысында ең жылдамы болған Берти Гиннестің рекордтар кітабына енді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Секундына 28 сантиметрлік жылдамдығымен жүретін Берти есімді тасбақа әлемдегі ең жылдам тасбақа атанып, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп жазады MyNet.com.
Ұлыбританияның солтүстік-шығысындағы Дарем қаласында тұратын Джанини және Марко Кальцини Берти есімді тасбақасын әрдайым жаттықтырған. Ол 5,48 метрді 19,59 секундта жүгіріп, «Әлемдегі ең жылдам тасбақа» атағына қол жеткізді. Бұған дейінгі рекорд 1977 жылы тағы да сол Ұлыбританияда орнатылған. Бұл көрсеткіш секундына 12,5 сантимерді жүріп өткен Чарли есімді тасбақаға тиесілі еді, деп хабарлайды 24 kz.
Фото: MyNet.com