Ташкент «Мустакиллик» орденімен марапатталды

ТАШКЕНТ. Тамыздың   21-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ -   Өзбекстан  Республикасы   тәуелсіздігінің 18   жылдығы мен    Ташкент қаласының 2200    жылдық мерейтойы  қарсаңында    ел Президенті Ислам  Каримов Ташкент қаласын   «Мустакиллик»   орденімен  марапаттау туралы  Жарлыққа қол қойды.

Ташкент  «Мустакиллик»  орденімен  марапатталды


«Ұлттық  мемлекеттілікті  қалыптастыруға,   тәуелсіз,  құқықтық,  демократиялық мемлекеттік  құруға,      бейбітшілік пен тұрақтылықты  нығайтуға, мемлекетаралық   ынтымақтастықты,    халықтар  арасындағы     достықты нығайтуға қосқан үлесі  үшін,  игі  дәстүрлерді,   мәдени, рухани-ағартушылық   өмір деңгейін     арттыруға,     өскелең  ұрпақты  отансүйгіштікке  тәрбиелеуге,  ұлттық  және   адами    құндылықтарды   сақтауға    қосқан  орасан  үлестері  үшін  және      2200   жылдық  мерейтойына байланысты Ташкент қаласы  «Мустакиллик»   орденімен марапатталсын», делінген   Өзбекстан Президентінің   Жарлығында. 

 Естеріңізге сала  кетейік,    Өзбекстан  қыркүйектің 1-2-сінде    Ташкент  қаласының 2200 жылдығын  атап  өтеді,  бұл мерейтой    республиканың Тәуелсіздік күнімен   қатар  тойланғалы  отыр.