Ташкентте 31 жастағы ер адам мектеп ауласында асылып қалды

суицид
Фото: Freepik

Ташкентте мектеп ауласында ер адам өз-өзін ағашқа асты деген ақпарат тарады. Бас прокуратура болған жағдай жөнінде мәлімет берді, деп хабарлайды Kazinform.

Хабарланғандай, бүгін, 28 желтоқсан сағат 07:45-те 1992 жылы туған ер адам Мирзо Ұлықбек ауданындағы № 248 мектептің артындағы ағашқа асылып, өз-өзіне қол жұмсаған.

Марқұмның психиатриялық диспансерде есепте тұрғаны, бұған дейін де бірнеше рет өзіне қол салуға әрекет жасағаны анықталды.

Қазіргі таңда Мирзо Ұлықбек аудандық прокуратурасы аталған факті бойынша тергеу амалдарын жүргізіп жатыр.

Соңғы жаңалықтар