Ташкентте 4 көлік соқтығысты (ФОТО)

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Жексенбіден дүйсенбіге қараған түні Ташкенттегі "Рэдиссон Блю" қонақ үйінің маңындағы Әмір Темір көшесінде шамамен төрт көліктің соқтығысуы орын алды.

Ташкентте 4 көлік соқтығысты  (ФОТО)

Алдын ала мәліметтер бойынша, апат ара қашықтықтың сақталмауы мен қолайсыз ауа райында жылдамдықтың ескерілмеуінен болған.

Алдын ала деректерге қарағанда, ауыр жағдайдағы бір адам қалалық ауруханаға жеткізілген, тағы төртеуі жарақаттанды.