Ташкентте 5 балл қуатымен жер сілкінді

Бұл туралы жергілікті БАҚ хабарлады.
Еуропалық-жерорта теңіздік сейсмологиялық орталықтың алдын ала мәліметтері бойынша, жер асты дүмпуінің қуаты 5,6 баллды құрады. Кейін орталық көрсеткішті 5,2-ге төмендетті, көп ұзамай 5,5 баллға қайта түзетті.
Ташкентте жер асты дүмпуі бірнеше секунд бойы сезіліп, үйдегі аспалы шамдар мен жиһаздар теңселген. Жер сілкінісінен көліктердегі қауіпсіздік дабылдары да іске қосылды.
Сейсмологиялық стансаның ақпарына сүйенсек, жер сілкінісінің ошағы Өзбекстан астанасынан оңтүстікке қарай 32 шақырым жерде орналасқан.
«Ташкент» сейсмологиялық орталығы хабарлағандай, жер асты дүмпуінің қуаты 4-4,5 баллды құрады. Оның ошағы Ташкент облысында, Ташкенттің оңтүстік-батысына қарай 40 шақырым жерде орналасты. Зілзала ошағындағы магнитуда 5 баллды құрады.