Ташкентте адам саудасымен айналысып, қыздарды Қазақстанға жібергендер ұсталды

ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында құқық қорғау органдары жезөкшелікпен айналысу үшін қыздарды Қазақстанға жеткізіп жүрген бір топ адамды ұстады, деп хабарлады жергілікті БАҚ.

Ташкентте адам саудасымен айналысып, қыздарды Қазақстанға жібергендер ұсталды

Ташкенттің Сіргелі ауданының тұрғыны Гүлзира Абдурахманова адам саудасымен айналысты деген күдікпен қолға түсті. Ол қыздарды жезөкшелікпен айналысуы үшін Қазақстанға жеткізіп отырған.

Әр қыз үшін Қазақстан азаматы Лилиядан ол $200 алып отырған. Бұл іске ол Өзбекстан азаматтары Абдулазиз Юлдашев пен Комилжон Мухамедовты тартқан. Олар қыздарды іздеумен айналысқан. Қазақстанға аттанған бірінші қыз 1991 жылы туған Азиза Худойберганова болды. Айына шамамен $500 табасың деп, өзге жұмысты айтып қызды алдаған. Осылайша нәзік жанды 1,5 жылдай құлдықта болған. Ағымдағы жылдың қаңтар айында Азизаны қайта оралып, өзімен бірге тағы да қыздар алып келуі талабымен үйіне жіберген. Азиза екі қызды - Сабохат Маннопова мен Камола Тураеваны тауып (екеуі де 1985 жылы туғандар), Қазақстанға шығармақ болады. Үшеуі де тәртіп сақшыларының қолына түсті. Құқық қорғау органдарының қызметкерлері бұл топтың басшыларын да тапты. Қазіргі уақытта қылмыстық қауымдастықтың барлық мүшесі ұсталды. Тергеу амалдары аяқталды, іс сотқа жолданды.