Ташкентте әскерилердің қоян-қолтық ұрыс чемпионаты өтеді

None
None
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасында алғаш рет ТМД мемлекеттерінің әскери қызметшілері арасында армиялық қоян-қолтық ұрыс бойынша чемпионат өтеді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.    

Сайысқа Қазақстан, Өзбекстан, Ресей, Қырғызстан, Тәжікстан және Беларусь командалары мен төрешілері қатысады.

«2017 жылы Өзбекстан ТМД мемлекеттерінің Қорғаныс министрлері кеңесі жанындағы спорт комитетінің толық құқылы мүшесі атанды. Алғаш рет армиялық қоян-қолтық ұрыс чемпионатын өткізу мәртебесі беріліп отыр», - деп атап өтті Өзбекстан қорғаныс министрлігінің өкілі Азиз Хайдаров.

Аталған чемпионатта Қазақстан 7 салмақ категориясында (60 келіден 90 келіге дейін) сайысқа түседі. Команда құрамында ТМД чемпионаттарының бірнеше дүркін жеңімпаздары мен жүлдегерлері кіші сержант Ерзат Сетербаев пен қатардағы жауынгер Жасұлан Мүсіркенов бар.

Соңғы жаңалықтар