Ташкентте ауаны қорғау мақсатында АИ-80 бензиніне, көмірге, мазутқа тыйым салу ұсынылды

Ташкентте Экология министрлігі ауаны қорғаудың бірқатар шарасын ұсынды. Олардың ішінде: АИ-80 бензинін, сондай - ақ жылу және электр станцияларында мазут пен көмірді пайдалануға тыйым салу, қарбалас уақытта жүк көліктерінің қозғалысын шектеу бар. Бұл туралы Kazinform Газета.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

бензин
Фото: Kazinform

Елде атмосфералық ауаның ластану көздерін бақылау бекеттері енгізіледі әрі қоршаған ортаны бақылау үшін автоматты станциялар орнатылады.

Сонымен қатар, Экология министрлігі ауаның ластануына қарай төмендегі талаптарды ұсынады:

Отынды, атап айтқанда, «Еуро-4» стандартынан төмен экологиялық санаттағы АИ-80 маркалы бензинді пайдалануға тыйым салу;

жолдардағы кептелістерді азайту және қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Ташкент аумағында жүк тасымалдауға арналған салмағы 3,5 және 12 тоннадан асатын көлік құралдарының қозғалысын сағатына — 7:00 — ден 10:00-ге дейін және 17:00-ден 20:00-ге дейін шектеу;

2010 жылға дейін шығарылған автокөлік құралдарының барлық түрлерінің қозғалысына тыйым салу,

Электромобильдерге көшу кезінде автокөлік құралдарының иелеріне жеңілдіктер, преференциялар мен субсидиялар беру;

Автомагистральдардағы кептелістерді азайту мақсатында автомобиль қозғалысын оңтайландыру үшін эксперимент ретінде «тақ және жұп» күндерде көлік жүргізу ережесін енгізу;

қоғамдық көлікті электр, газ баллонды отынмен және басқа да баламалы отын түрлерімен пайдалануға ауыстыру, сондай-ақ жол инфрақұрылымын ұйымдастыру;

Ташкент облысының Ташкентке іргелес аудандарында көмірді өнеркәсіптік мақсатта пайдалануға тыйым салу;

Жылу орталықтарында мазутты резервтік отын ретінде пайдалануға тыйым салу;