Ташкентте әйел 2 баласымен бірге үйінде жанып кетті

ташкент өрт
Фото: Уuz.uz

18 желтоқсанда Ташкенттің Яшнабад ауданындағы жер үйлердің бірі толығымен отқа оранды. Kazinform бұл туралы yuz.uz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Бас прокурордың баспасөз хатшысы Хаят Шамсутдиновтың айтуынша, Яшнабадтағы өрт салдарынан 28 жастағы әйел мен оның 8 және 5 жасар екі қызы қаза тапты.

Осы жағдайға байланысты Яшнабад ауданының ішкі істер бөлімі Қылмыстық кодекстің 259-бабы (өрт қауіпсіздігі ережелерін бұзу) бойынша қылмыстық іс қозғады.

Соңғы жаңалықтар