Ташкентте Азиялық даму банкі Басқарушылар кеңесінің 43-ші мәжілісі өз жұмысын бастайды

ТАШКЕНТ. Мамырдың 1-і. ҚазАқпарат /Құрмат Самархан/ - Ташкентте Азиялық даму банкі Басқарушылар кеңесінің 43-ші мәжілісі өз жұмысын бастайды.
None
None

Азиялық даму банкіне 67 мемлекет, оның ішінде Азия-Тынық мұхиты аймағының 48 елі мен Еуропаның индустриялық дамыған 17 елі, сондай-ақ АҚШ пен Канада мүше болып табылады.

Азиялық даму банкінің президенті Харухико Курода жергілікті басылымдарға берген сұхбатында мәлім еткендей, биылғы мәжілісте 2008 жылы қабылданған банктің ұзақмерзімдік стратегиялық бағдарламасы - «2020 жылға дейінгі Стратегия» аясында қол жеткізілген жетістіктер талқыланбақ.

Қазақстан Азиялық даму банкінің семинарлары мен пленарлық отырыстарына қатысады деп жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар