Ташкентте дзюдодан әлем чемпионаты өтеді
ТАШКЕНТ. ӨзА. ҚазАқпарат - 2022 жыл 6-13 қазан аралығында Өзбекстан астанасында дзюдодан ересектер арасында әлем чемпионаты өтеді. Бұл туралы ҚазАқпарат ӨзА сілтеме жасап хабарлайды.
Өзбекстан Ұлттық Олимпиада комитеті (ҰОК) баспасөз қызметінің хабарлауынша, бұл турнир Өзбекстанда алғаш рет ұйымдастырылуда.
Ташкенттегі «Хумо Арена» мұз сарайында өтетін байрақты бәсекеде әлемнің 110-нан астам елінен мықты дзюдошылар қатысады деп күтілуде.
Фото: uza.uz