Ташкентте ЕҚДБ өкілдігі ашылады
АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан сыртқы істер министрі Абдулазиз Камилов Еуропа қайта құру және даму банкінің (ЕҚДБ) Орталық Азия және Ресей бойынша басқарушы директоры Наталья Ханженкова басаған өкілдермен кездесті. Кездесуде тараптар арасындағы өзекті мәселелер талқыланды, деп хабарлайды Жахон агенттігі.
Өзбекстан мен ЕҚДБ арасындағы ынтымақтастықтың күн тәртібін қалыптастырудың аяқталу болашағы, сондай-ақ Ташкент қаласынан Банк өкілдігін ашудың практикалық аспектілері талқыланды.
Тараптар 5 жыл бойы ЕҚДБ-ның Өзбекстандағы Стратегия жобасының жұмысы туралы, сондай-ақ банктің Ташкентте өтетін халықаралық инвестициялық форумға қатысуы және «Орталық Азия халықаралық транспорттық дәліз жүйесінде: стратегиялық перспективалар және іске асырылмаған мүмкіндіктер» конференциясы туралы пікір алмасты.