Ташкентте Гейдар Алиев мәдениет орталығының директоры ТҮРКСОЙ медалімен марапатталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Өзбекстан астанасы Ташкенттте Азербайжан елшілігі жанындағы Гейдар Алиев атындағы Әзербайжан мәдениет орталығының директоры (ӘМО)  Самир Аббасов ТҮРКСОЙ арнайы медалімен марапатталды.

Ташкентте Гейдар Алиев мәдениет орталығының директоры ТҮРКСОЙ медалімен марапатталды

АЗЕРТАДЖ хабарлағандай, ТҮРКСОЙ-дың көрнекті Әзербайжан ақыны Молла Панах Вагифтің 300 жылдығына орай 2017 жылды «Молла Панах Вагиф Жылы» деп жариялауына байланысты көптеген іс-шаралар мен жобалар жүзеге асырылды.

Солардың бірі - әлемнің көптеген тілдерінде Молла Панах Вагифтің «Таңдамалы шығармаларын» шығару. Өлеңдер жинағы 12 тілде - әзербайжан, түрік, өзбек, қазақ, қырғыз, түрікмен, башқұрт, татар, ағылшын, итальян, орыс және украин тілдерінде басып шығарылды.

ТҮРКСОЙ бас директоры Дүйсен Касеинов, осы жобаны өзбек тілінде басып шығаруға қосқан үлесі үшін Орталықтың директоры С.Аббасовты марапаттады. 

null