Ташкентте Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы Атқарушы комитетінің кеңесі өтіп жатыр

АСТАНА. ҚазАқпарат - Бүгін Өзбекстан астанасы Ташкентте Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы (АИБА) Атқарушы комитетінің кеңесі басталды. Онда бокс ұйымы қызметінің мәселелері қаралады.

Ташкентте Халықаралық әуесқой бокс қауымдастығы  Атқарушы комитетінің кеңесі өтіп жатыр

- Отырыста АИБА, оның  конфедерациясы мен комиссиясы жұмысының есебі тыңдалады. Сонымен қатар біз алдағы уақытта даму мәселелерін қарастырамыз, - деп атап өтті  АИБА вице-президенті, Азия бокс конфедерациясының президенті Серік Қонақбаев.

АИБА Атқарушы комитетінің отырысы 2016 жылы 15-16 шілдеде өтеді.  

null