Ташкентте Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі өтті
ТАШКЕНТ. ҚазАқпарат - Қасым-Жомарт Тоқаев ресми кездесу өткізу үшін халықаралық конгресс орталығына келді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Мемлекет басшысын Өзбекстан Президенті Шавкат Мирзиёев қарсы алды.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаевты ресми қарсы алу рәсімі халықаралық конгресс орталығында өтті.
Құрмет қарауылының бастығы екі ел басшыларына рапорт беріп, Қазақстан мен Өзбекстанның әнұрандары орындалды.
Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёев бір-біріне ресми делегациялардың құрамын таныстырды.









Фото:t.me/bort_01