Ташкентте қазақ диаспорасының өкілдері Сәбит және Анар Нәлібаевтардың өлең жинақтарының таныстырылымы өтті

sp;ТАШКЕНТ.  Қарашаның  19-ы.  ҚазАқпарат /Құрмат  Самархан/ -   Өзбекстанның  елордасында сәрсенбіде,  қарашаның 18-інде    ақын Сәбит Нәлібаевтың «Өмір,  мен саған  ғаршықпын»  өлеңдер жинағы  мен  оның  қызы  -  ақын, тележурналист  Анар Нәлібаеваның «Өмір-өткел» жинағының  таныстырылымы  өтті. 

Ташкентте   қазақ диаспорасының  өкілдері Сәбит және Анар Нәлібаевтардың өлең  жинақтарының таныстырылымы  өтті

 Бұл  шара  Өзбекстандағы қазақ диаспорасының     беделді өкілі болған  марқұм  Сәбит Нәлібаевтың      70 жылдығына орайластырылды.  Ақынның  қызы  Анар Нәлібаева    әкесінің барлық    туындыларын  жинап,  кітап етіп құрастырып  және    өз өлеңдерінің  жинағын шығарып  отыр.

Осынау  игі  жетістігімен    құттықтап,    шығармашылық табыстар  тілеу    мақсатында     қазақ диаспорасының  өнер   өкілдері,   ақын   қыздың достары мен  әріптестері  жиналды.  Қонақтар,   бұл   таныстырылымның  Өзбекстандағы қазақ диаспорасы  өкілдерінің      шығармашылық әлеуетін   паш  еткен  жарқын бір   шара болғанын  атап  көрсетті.