Ташкентте Қазақстан елшілігі көлігінің қатысуымен болған жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде ? ҚР Сыртқы істер министрлігі

АСТАНА. Маусымның 8-і. ҚазАқпарат /Арман Асқаров/ - Қазіргі күні Ташкент қаласында Қазақстан елшілігі көлігінің қатысуымен болған жол апаты бойынша тиісті тергеу амалдары жүргізілуде.

Ташкентте Қазақстан елшілігі көлігінің қатысуымен болған жол апаты бойынша тергеу амалдары жүргізілуде ? ҚР Сыртқы істер министрлігі
Бұл туралы бүгін өткен апталық брифингте журналистердің сауалына жауап берген ҚР Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Ержан Ашықбаев мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат.Оның сөзіне қарағанда, осы оқиға бойынша БАҚ-та тараған кейбір ақпараттар шындыққа жанаспайды. «Атап айтқанда, елшілік көлігінің жүргізушісі мас күйінде болған деген дерек ешбір қисынға келмейді. Себебі жол апаты орын алғаннан кейін көлік жүргізушісі барлық медициналық тексерістерден өтіп, оның алкогольдің әсерінде болғаны дәлелденбеді», - деді Е.Ашықбаев.Айта кетейік, маусымның 4 күні Ташкенттің орталық көшелерінің бірінде Қазақстан елшілігі көлігінің жүргізушісі джиппен соқтығысып, жолдың жиегімен өтіп бара жатқан үш жолаушыны қағып кеткен. Жол апаты нәтижесінде зардап шеккен үш өзбек азаматы ауруханаға жеткізілген, олардың бірі көз жұмды.